Ойы ұшқыр, мінезі берік, денсаулығы мықты бала тәрбиелейміз
Зерек интеллектуалды мектебі — Түркістандағы 1–11 сыныпқа арналған қазақ мектебі. Бізде бала IQ, EQ және PQ бағытында дамиды: ақыл-ойы, эмоциясы және дене саулығы бірдей назарда.
Ата-аналар бізді не үшін таңдайды
🧠 IQ, EQ және PQ
Сабақ тек білім берумен шектелмейді. Баланың ойлау қабілеті, өз сезімін түсінуі және дене саулығы бірге дамиды.
👩🏫 БИЛ мұғалімдері
Мұғалімдеріміздің 70%-ы — БИЛ (КТЛ) мұғалімдері. Әр оқушымен куратор жұмыс істеп, ата-анамен тұрақты байланыста болады.
🎒 Түске дейін — тегін
Таңертеңгі сабақтар тегін. Түстен кейінгі тамақтану мен үйірмелер ғана ақылы, бағасы да қолжетімді.
Ағылшын мен математика — тереңдетіп
Ағылшын тілі мен математика тереңдетілген бағдарламамен оқытылады. 5–6 сынып оқушыларын БИЛ мен НИШ мектептерінің түсу емтихандарына, 10–11 сыныптарды ҰБТ-ға дайындаймыз.
Балаңыз мектепте қауіпсіз әрі жайлы
Әр сыныпта бейнебақылау камерасы мен қолжуғыш бар. Әжетханалар мектептің ішінде, әр қабатта, ұлдар мен қыздарға бөлек. Парталар мен орындықтар ортопедиялық, балалардың бойына қарай таңдалған. Оқушыларды мектепке тасымалдау қызметі де бар.
1–11 сыныпқа қабылдау жүріп жатыр
Басқа мектептен ауысып келуге де болады. Қоңырау шалыңыз — оқу, баға және тасымалдау туралы барлық сұрағыңызға жауап береміз.
